«Ұлы жеңіс жасасын!» тақырыбында футболдан жарыс өткізді.
9 мамыр Жеңіс күніне орай жас ұрпақты патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында 4 мамыр күні «Ұлы жеңіс жасасын!» тақырыбында футболдан жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша І орын 6 «Ә» сыныбы, ІІорын 6 «Б» сыныбы, ІІІ орын 6 «А» сыныбы иеленді.