«Батырлық пен батылдық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Батырлық пен батылдық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 
10
май
2023

«Батырлық пен батылдық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде  5 мамыр күні бастауыш сынып мұғалімі Жарасова Асель   Отан қорғаушылар күніне арналған «Батырлық пен батылдық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: батылдық, өжеттік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,  ататегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында  оқушылар топқа бөлініп , өз ұрандарын айтып, бір – біріне ыстық лебіздерін білдірді.
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды. Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батырлық ұғымына топтастыру жасады.Түрлі ой пікірлермен бөлісе отырып, «батырлық» , «батылдық»  сөздерінің  ерекшелігін  ұғынды. 
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына  сергіту жаттығуларының да әсері бар екендігін ұғындыру мақсатында ойындар ұйымдастырылды.  «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында  әңгіме жүргізілді.