2 «б» сыныбында халық қаһарманы Х. Доспанова 100 жылдығына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 «б» сыныбында халық қаһарманы Х. Доспанова 100 жылдығына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді.
06
май
2022

2 «б» сыныбында халық қаһарманы Х. Доспанова 100 жылдығына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді.

Мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына байланысты 5 мамыр күні бастауыш сынып мұғалімі Жарасова Асель  2 «б» сыныбында халық қаһарманы Х. Доспанова 100 жылдығына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді. 
Мақсаты : Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 
 Сынып сағаты  психологиялық ахуал қалыптастырумен ұйымдастырылды.  Оқушыларға Ұлы Жеңіс күні туралы  және  халық қаһарманы Х. Доспанова туралы  мәлімет берілді. Сонымен қатар , оқушыларға «Отанға қызмет ету кімге  және не үшін қажет?», «Сен Отанға қалай қызмет етер едің?» атты сұрақтармен тапсырмалар беріліп, оқушылар топпен бірлесе отырып, осы сұррақтардың ортақ шешімін тауып,  постер қорғады . «РАФТ» әдісі арқылы сынып сағатына кері байланыс жасалды. Нәтижесінде оқушылар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтуды, батыр қыздарымыздың жан қиярлық ерліктерін үлгі етуді, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиеленуді үйренді .