Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №3 » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №3
28
ноябрь
2019

Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №3

Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №3

Күні:28.11.2019 ж.
Қатысқаны: 5
Қатыспағаны:жоқ
Күн тәртібінде қаралатын мәселе 
1.Тамақтану сапасын бағалаужұмыстарының қорытындысы
1.Тыңдалды: 1.Тамақтану сапасын бағалау жұмыстарының қорытындысы 
Сөйледі: Комиссия мүшесі Т.Қосубаев 
№4 Тілеміс батыр ЖББМ-нің мектепшілік бракераждық комиссия оқушыларды ыстық тамақпен қамту,жұмыстарына зерделеу жүргізді.
Зерделеу барысында төмендегі жағдайлар анықталды.
Мектепте штаттық бірлікте азпазшы мен асхана қызметкерлері қысқартылып азпазшылар мердігерлермен келісіммен жұмыс жасауда. Асхана санитарлық нормаға сай , қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған . «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз ( оқушы) қамтылған .
Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі   заманғы дизайнмен жабдықталған . «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды.
Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде . Аспазшылардың денсаулығын тексеріп , шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізіліп,ыстық  тағам ас мәзіріне сәйекес дайындалған.
Асхананың  санитарлық жағдайы аспаздардың сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза ,әр ыдыс орнында қойылған , ыдыстардың беті жабық. Асхана барлыққажетті құрал жабдықтармен   жабдықталған . Көкеніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стейлаждар жасалынған және заттар нормаға сай сақталынған .Қайнаған су бар . Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар .Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.
Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды ,қолдың тазалығын бақылайды,таза арнайы киім мен аяқ киім киеді.Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген , онда тағамдардың атауы әр дайын тағамның мысымен көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйекес келеді.
Қабылданған тамақ өнімдері жәнем азық-түлік шикізаттары санитарлық қағидаларға 9-қосымшасының 1-нысанына сәйкес тез бұзылатын тамақ өнімдері мен сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарына және тоңазыту камераларында және тоңазытқыштарда жүзеге асырылады.Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған .Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйекес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қойдырған.Сынамаларды таза қайнатылып өңделген шыны ыдысқа салынған.Тоңазытқыштағы температурада +2 С көрсетті. Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Шешімі:
1. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
2. Медициналық қызметкер А. Елеусінова тағамдардың талапқа сай дайындалуын , аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.
3. Бракераждық комиссияның жұмысы жоспарға сәйекес жалғасын тапсын
Мектеп директоры:                                     Е.Жұматаев
Хатшы:                                                         А.Елеусінова