17
октябрь
2023
Тараз қаласында" Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
17.10.23 күні Тараз қаласында" Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттеріне, өлең жазу, тапқырлық қырын,дарындылығын таныту, шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу. Аудандық кезеңде"Ұлттық аспапта ойнау" номинациясы бойынша 1 орын иеленген мектебіміздің 9 ә сынып оқушысы Марат Аяулым облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Облыстық кезеңде ұлттық аспап:сазсырнайда екі шығарма орындаған Аяулым,жүлделі 3- орын иеленді. Мектебіміздің мақтанышы, оқу үздігі Марат Аяулымды жеңісімен құттықтаймыз!





