І (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасы
№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі
І (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасының өткізілуі туралы қорытынды
Мақсаты: Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, мұғалімдердің жұмыстарын бағалау
Мерзімі: 26 қараша 2018 жыл
Комиссия құрамы: мектептің әдістемелік кеңесі.
I (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада өткізу кезеңінде тәртіп сақталып, кезекшілік ұйымдастырылды. Олимпиада өткізу барысында Мектеп директоры Е.Ә.Жұматаев, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Косубаев, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары К.Азатов олимпиаданың өтуімен құттықтап, сәттілік тіледі. Олимпиаданың өз деңгейінде өтілуіне ерекше көңіл бөлінді. Оқу жылының барысында келесі: қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, қазақстан тарих, география, биология, ағылшын тілі, құқықтану, информатика пәндері бойынша оқушылардың пән олимпиадалары ұйымдастырылып, оған 8-9-10-11сынып оқушылары қамтылды. Пән олимпиадасы екі турмен өтті. I тур, II тур сағат 14.00-дан 18.00-ге дейінгі аралықта өткізілді. Мектепішілік өткізілген олимпиадаға қатысқан оқушылар саны-137. Оның ішінде:
8 сыныптар бойынша – 30 оқушы
9 сыныптар бойынша- 43 оқушы
10 сыныптар бойынша – 36оқушы
11 сыныптар бойынша – 28 оқушы қатысты.
Олимпиада жұмыстары уақтылы тексеріліп, хаттамаға тіркелді.
9-10-11 сыныптар арасында олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын – 22 оқушы, ІІ орын –34 оқушы, ІІІ орын – 28 оқушы иеленді.
Барлық оқушы саны – 107 оқушы.
Мектепішілік пән олимпиадаларында I.II.III жүлделі орындарды иеленген оқушылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңінде ешқандай келеңсіз жағдай болған жоқ. Бекітілген мұғалімдер түгел кешікпей өз уақтысында келді. Кезекшілер өз міндеттерін дұрыс атқарды.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңінде оқушылар тапсырмаларды орындауда дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып,оларды шығармашылықпен орындады. Мектепішілік олимпиада турының қорытындысының негізінде 9-10-11сынып оқушыларынан аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылар анықталды.
22 оқушы аудандық олимпиадаға қатысуға ұсынылды.
Ұсыныс: 1.Олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңінің тапсырмалары , ІІ (аудандық ) кезеңінің тапсырмаларының мазмұнына жақындатылсын.
2. Мектепішілік олимпиадада І-ші орынды алған оқушылар Республикалық пәндік олимпиаданың II (аудандық) кезеңіне жіберілсін.
3. Преподавателидің оқушыларды ІІ (аудандық) пән олимпиадасына дайындау тәжірибесіне қолдау көрсетілсін.
4. Пән мұғалімдері дарынды оқушылармен мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізуге баса назар аударсын.
<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}