"Бізді ақылды ететін кітап-дана" » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бізді ақылды ететін кітап-дана"
13
сентябрь
2023

"Бізді ақылды ететін кітап-дана"

Мектеп кітапханасында 13 қыркүйек күні "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында "Бізді ақылды ететін кітап-дана" кітаптар керуені өтті.Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге , күтіп ұстауға үйрету.
 Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин  «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» деп  айтқандай,  «Білім кілті кітапта » Білім теңіз, түбіде, шегі де жоқ.(Жүсіп Баласағұн)
Білім –адамның байлығы.
«Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».
«Кітап- білім бұлағы , білім-өмір шырағы» деген қанатты сөздер қалдырған.
Кітап-жан азығы , жақсы дос, заманалар сынынан өткен асыл қазына. Кітап ғылым-білімнің алтын сандығы, адамзаттың ақыл-ойының жиынтығы.Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы.
Кітапханашылар:А.Жайназарова, А.Тулекова