27
апрель
2023
1 «А» сынып жетекшісі У.Кантуреева «Ынтымақ – құт береке бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мектепте Бірінші мамыр Ұлттар достығы күніне орай 1 «А» сынып жетекшісі У.Кантуреева «Ынтымақ – құт береке бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Сан ұлт өкілін құшағына сидырған, еліміздің көк аспанында әрқашан да бейбітшілік болып,болашақ ұрпақ бейбіт күн кешсін.Тағылымы мол тәрбие сағатына оқушылар белсене атсалысты.













