24
март
2023
Жас мамандардың апталығына орай "Озат тәжірибе" мектебінің мүшелері А.А.Тулеубаева мен А.Е.Жексембиеваның ұйымдастыруымен
2022-2023 оқу жылының №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандардың апталығына орай 20 сәуір күні "Озат тәжірибе" мектебінің мүшелері А.А.Тулеубаева мен А.Е.Жексембиеваның ұйымдастыруымен және озық тәжірибелі мұғалімдермен бірлесе отырып, жас мамандардың мамандығына кəсіби бейімделуі барысында олардың белсенділігін, мақсатты əрекетін, шығармашылық қабілеттерін ашу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Кешегі көрсін бүгінді, болашақ ойлан жүгіңді» тақырыбында ток-шоу өтілді.
Ток шоу барысында «Жаңа форматтағы мұғалім қандай болу керек?», «Жаңа және ескі мұғалім», «Біздің мемлекеттің білім беру жүйесі басқа мемлекеттермен салыстырғанда қандай деп ойлайсыздар?», «Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек деп ойлайсыздар?» деген сұрақтар қойылып, озық тәжірибелі мұғалімдер мен жас мамандардың арасындағы пікірлер қызу талқыланып, Сондай-ақ постер жасап, «Шынайы жауап» тренингі жүргізіліп, биік мұнара құрастырылды.
Ток шоу соңында «Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті екенін айта келіп, жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.