23
декабрь
2021
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін дамыту әдістемелік көмек көрсету
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін дамыту әдістемелік көмек көрсету, шығармашылық ізденісі жетілген, кәсіби шеберлігі дамыған, заман талабына сай жаңашыл маман болуға бағыт-бағдар беру мақсатында мектебімізде "Озат тәжірибе" мектебі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сабақ-білім берудің негізгі формасы»тақырыбында семинар өтті. Семинарда тәжірибелі ұстаздар Кариева Айнұр тарих пәнінен, Сембиева Бақыткүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ берсе, Оңалбаева Айнұр тарих пәні мұғалі "Авторлық бағдардарламаны жазу,рәсімделуіне қойылатын талаптар" тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті. "Озат тәжірибе" мектебінің жетекшісі З.Тұяқова сабақты талдау педагогтың сауаттылығын және оқушылардың білім сапасын көтеру үшін қажет екенін түсіндіріп өтті. Семинар барысында жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.Талдыбаева "Әдептен озбайық" тақырыбында кеңестер берсе, мектеп психологы А.Сангулова "Жас келсе іске" тренингін жүргізді. Семинардан соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.




















