«Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» тақырыбында 10-21 сәуір күндері  жас мамандар апталығы   өткізілді.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» тақырыбында 10-21 сәуір күндері  жас мамандар апталығы   өткізілді. 
21
апрель
2023

 «Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» тақырыбында 10-21 сәуір күндері  жас мамандар апталығы   өткізілді. 

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде  жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсете отырып,кәсіби шеберлігін қалыптастыру,ізденімпаздыққа,іскерлікке дағдыландыру мақсатында  «Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» тақырыбында 10-21 сәуір күндері  жас мамандар апталығы   өткізілді. Апталықтың ашылу салтанаты 10 сәуір күні үлкен үзілісте өткізілді. Апталықтың жоспары мен қатысушы жас мамандармен таныстырылып өтілді.  Озат тәжірибе мектебінің жетекшісі А.Тулеубаева мен мүшесі А.Жексембиева  20.04  күні«Кешегі көрсін бүгінді,болашақ ойлан жүгіңді» атты жас мамандар мен озат тәжірибе мектебінің мүшелерімен ток-шоу ұйымдастырса, мектеп психологтары Г.Құралбаева мен Ә.Сангулова «Сіздің жас маман ретінде қалыптасуыңызда кездескен қиыншылықтар»атты дөңгелек үстел өткізді.Апталық барысында жас мамандар ашық сабақтар беріп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.Апталықтың қорытындысы 21 сәуір күні өткізілді.Мектеп ұстаздары жас мамандардың алдағы жұмыстарына жаңашылдық, шығармашылық, үнемі ізденісте болу керектігін айтып сәттілік тілеп, естелік суретке түсірілді.