05
октябрь
2023
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қазан Ұстаздар күні қарсаңында,ауылымыздың құрметті азаматы, мектептің іргетасын қалаушы
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қазан Ұстаздар күні қарсаңында,ауылымыздың құрметті азаматы, мектептің іргетасын қалаушы, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Бахтыгереев Абдыгали Бақтыгерейұлының шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі өмір жолына арналған мемориалдық (ескерткіш) тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Арғынбаев Қайрат Рахымбайұлы,Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Ақанқызы, меценат, армия генериалы,Совет одағының батыры, халық қаһарманы, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Махмуд Нәлібаевтың атынан келіп отырған Дүйсехан Қажыкемелов, Жезқазған қаласындағы Сағадат Нұрмағанбетов қорының бөлімшесінің өкілі Парзу Сарымбетов, Тараз қаласындағы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы қайырымдылық қоры филиалының директоры Қуанышбек Болысбеков қонаққа келді.
Бахтыгереев Абдыгали Бақтыгерейұлының ұлы Әбдінәби Абдиғалиұлы өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейтінін айтып өтті.
Мектеп ішіндегі конференция залында Бахтыгереев Абдыгали Бақтыгерейұлының еңбегімен тереңірек танысып, ұрпақтары мен шәкірттері ой бөлісті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасерікова
Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Жұматаев Мэлісхан Мамытұлы, зейнеткер ұстаздар Төлебаев Орынтай, Қырықбаева Айсұлу ұстаздың игі ісін үлгі етті.