«Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында  7 а,ә,б сынып кәсіби бағыт-бағдар берілгендігі туралы » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында  7 а,ә,б сынып кәсіби бағыт-бағдар берілгендігі туралы
13
октябрь
2023

«Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында  7 а,ә,б сынып кәсіби бағыт-бағдар берілгендігі туралы

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында  7 а,ә,б сынып кәсіби бағыт-бағдар берілгендігі туралы
Анықтама
13 10.2023 ж
Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін үш негізгі себеп бар. Біріншісі – қоршаған ортаның ықпалы, екінші – оқушының қалауы, үшінші – қабілеті.
"Қазіргі таңда елімізде бухгалтер, маркетолог, сату мамандары, пиар және IT-мамандары жетпейді. Индустрия саласына келсек, робот пен автоматизияларды басқару, басқару менеджері сынды мамандықтарға аса зәру. Атам заманнан келе жатқан екі қасиетті мамандық бар: ол – мұғалім мен дәрігер. Бұл қос мамандық ешқашан жойылмайды деп ойлаймын. Өйткені адамзатқа білім мен медицина қашанда қажет", 
Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектепте оқып жүрген шақта қабылданады.
Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?1. Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқыңыз келеді? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
2. Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз
Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.
3. Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз.Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
4.  Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.
5.  Мамандардың көмегіне жүгініңіз,Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.
Оқушы мамандық әлемінде дүниетанымын кеңейту және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру.Қуынышы да,ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың,оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Оқушыларға ЖОО туралы бейнефильмдер,мамандықтар туралы ақпараттар берілді.