11
декабрь
2023
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында пед ұжым арасында дөңгелек үстел өткізілді.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанының іс-шара аясында 30 қараша күні ДҚТЖО Қ.Абиралиевамен, кәсіподақ төрайымы Д.Әлімқұлованың ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» тақырыбында пед ұжым арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы КММ, Меркі ауданының кеңес беру кабинетінің психологы Ширинхан Әсет Нұржанқызы және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Нұрманова Жанерке Нұрманқызы шақырылды. Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер туралы кеңестер беріліп, егер Сіз және Сіздің балаларыңыз отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, Меркі ауданында орналасқан Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы жағдайыңыздың жай-күйіне қарай көмек алуға мүмкіндік бар екендігі туралы хабарлайды.Отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған немес оның куәсі болған жағдайда тәулік бойы және анонимді түрде +77758381297, +77475888495 (Меркі ауданы)+77074630623 (Тараз қаласы) сенім телефонына хабарласа алатындығы жайында түсіндірме жұмысын жүргізді. Соңында жаднама, парақшалар таратылды.

































