12
декабрь
2023
"Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" атты онкүндік жоспарына сәйкес
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 11- 20 желтоқсан аралығында "Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" атты онкүндік жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні 4 а сынып бастауыш сынып мұғалімі Э. Таңатова және 4 б сынып бастауыш сынып мұғалімі А.Жарасова шеберлік сабақ өткізді. Шеберлік сабақтың мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту, сабақта инновациялық әдіс- тәсілдерді түрлендіріп қолдануға ықпал ету және білім алушылардың білім жетістіктеріне дайындық жасау барысында тест тапсырмаларын әр түрлі нұсқада алып, тексеріп, қатемен жұмыс жасау жолдарын көрсету болды.

