Ыстық тамақты ұйымдастыру » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақты ұйымдастыру
15
октябрь
2021

Ыстық тамақты ұйымдастыру

  Мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде.
 Тексеру нәтижесінде асхана санитарлық нормаға  сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылғандығы анықталды. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына  бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған. Ас мәзіріндегі тағамдардың нормаларына сәйкес келеді.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар, уақыты жазылған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орынның жабдықталуы талапқа сай.