Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу
10
декабрь
2019

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу

№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді. 
Мектепте  перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына  бақылау жүргізілген.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.