28
декабрь
2023
Жаңа жыл мерекесіне арнайы сыйлықтар таратылып берілді. 17
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Керімбай Елдардың ұйымдастыруымен денсаулығына байланысты үйден оқытылатын және ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға және азқамтылған отбасы балаларына жаңа жыл мерекесіне арнайы сыйлықтар таратылып берілді. 17 отбасынан 25 балаға сыйлыққа демеушілік жасаған Ақтоған ауылымыздың, 20 жылдық мектеп түлектері, 1986 жылғы ер-азаматтарына ата-аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

