МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТТЫҢ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТТЫҢ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
27
ноябрь
2024

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТТЫҢ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектепте 2024 жылдың 27 қараша күні МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТТЫҢ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. Кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте мектеп директоры Жүнісжанов Ілияс Садықұлы мектеп ұжымына мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті. Стандарттардың қолданылу салалары, білім мазмұнына қойылатын талаптар, бастауыш  және негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары, педагогикалық тәсілдеме, көптілді білім беру, инклюзивті білім беру, бастауыш білім берудің білім беру салалары, пәнаралық біріктіру, білім стандартының «Бағалау» бөліміне кіріспе, білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер, кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік  GPA бағалау, бастауыш/ негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі қарастырылған. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына  құндылықтар енгізілді.