Тәуелсіздік күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті
12
декабрь
2025

Тәуелсіздік күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті

Мектебімізде 12 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігіне  5 сынып оқушылары,  «Жас қыран» ұйымына ең үлгілі, әдепті, озық ойлы, шығармашыл, белсенді, 3 сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты ант қабылдау рәсімі 5  сынып үздік оқушысы  Серік Шерханға берілді. Уәде беру рәсімінен кейін Жас  Ұланшыларға салтанатты түрде галстук, төсбелгілері  тағылды. Галстук тағу рәсімі мектебіміздің әкімшілігі,  ұстаздары мен Жас Ұланшыларға берілді. Мектеп ДТЖО Г. Куралбаева «Жас Ұлан» қатарына қабылдану құттықтау сөзін сөйледі және қоғамдық ұйымның жұмыстарына белсене атсалысқан Жасұланшыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымының жалпы ережелері мен мақсаттары түсіндірілді. Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын  қосыла шырқады.