« Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында факультативті сабақ өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында факультативті сабақ өткізілді.
29
ноябрь
2021

« Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында факультативті сабақ өткізілді.

№4 Тілеміс  батыр жалпы орта білім беретін мектебі 
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын  арттыруға бағытталған  аудан прокуратурасы  және полиция  бөлімінің өзара  іс – қимыл және есеп беру  жөніндегі кешенді іс-шара жоспары аясында 2 «б» сыныбында  
« Бала құқығы – асыл қазына»  тақырыбында факультативті  сабақ өткізілді. 
Мақсаты : Оқушылардың адам құқығы , оның ішінде бала  құқығы жөнінде  түсінігін кеңейту , әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға  үйрету, құқықтық тәрбие беру. 
Сабақ  «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранмен ұйымдастырылды.Оқушылар  «Менің атым кім және ол нені білдіреді?» ойыны арқылы  өзіне есім берілетінін ,азаматтық алу құқығы барын біледі. «Менің құқығым бар» ойыны арқылы өз құқықтары туралы білді және   түрлі жағдаяттар шешу арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын туралы ұғым қалыптастырды. Сабақ нәтижесінде оқушылар құқық  мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық екендігін ұғынды.