29
декабрь
2025
« Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты аудан балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік шыршасы өтті.
2025 жылдың 26 желтоқсан күні ауданымызда « Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты аудан балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік шыршасы өтті. Шырша мерекесіне мектебіміздің оқу озаттары және талантты оқушылар қатысты. Балаларымыз «Үміт» сарайының ұстаздары мен өнерпаз балаларының дайындаған жаңа жылдық ертегі қойылымдары мен ән шашуларын тамашалады. Мерекелік шырша соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.



