20
январь
2026
"Жұлдыздар жүздесуі " бенефис-кездесуі өтті.
19 қаңтар күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дарынды оқушыларды қолдау, әдеби-танымдық байқаулардың, оқулар мен шығармашылық додалардың жүлдегерлерін насихаттау мақсатында "Жұлдыздар жүздесуі " бенефис-кездесуі өтті. Кездесуге мектебіміздің абыройын асқақтатып, беделін биіктетіп жүрген оқушыларымыздың бірі 11-сынып оқушысы Асубай Ерасыл Тұңңышбайұлы да жетекшісі Нұргүл Нұрсеиітовамен қатысып, арнайы дипломдармен марапатталып қайтты. Сонымен қатар "Ақберен" байқауының облыстық жүлдегері Марат Аяулым мен облыстық "Абай оқулары" байқауының жеңімпазы Құлданбек Нұрым да өз өнерлерін паш етті.







