29
январь
2026
«Жасөспірім қыздар арасында санитарлық- гигиеналық сауаттылығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу» т
2026 жылдың 29 қаңтар күні №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасөспірім қыздар арасында санитарлық- гигиеналық сауаттылығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында Аудандық СӨСҚ орталығының дәрігері Адешова Халбүбі Жексембиевна 9-10 сынып қыздарымен дәріс өткізді. Кездесу барысында Х.Ж. Адешова қыз балалардың физиологиялық жетілу ерекшеліктері туралы, дене бітіміндегі болатын өзгерістер туралы, жыныстық жетілу кезеңдері қалай өтетіні, ерте жүктіліктің қыз баланың психологиялық, физиологиялық денсаулығына келтіретін зияны туралы ауқымды ақпарат берді. Қыз баланың даму, жетілу физиологиясын түсіндіре келе, қыздарға дене тазалығын, жеке гигиенаны ұстануға байланысты бірқатар кеңестер берді.













