08
октябрь
2021
«Қыз болашағы- ел болашағы» атты онкүндік өткізілді.
2021 жылдың 6-11 қазан аралығында халықаралақ қыздар күніне орай жас жеткіншектердің арасындағы қыз балалардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз болашағы- ел болашағы» атты онкүндік өткізілді.Онкүндік барысында қыз бала тәрбиесі туралы тәрбие сағаттары, қыз балалармен психологиялық тренинг, акушер геникологпен дәріс, қыздармен дөңгелек үстел өткізіліді. Сонымен қатар «ерте жастан жыныстық қатынасқа түсудің зияны» туралы сауалнама алынып, қыздардың құқықтық білімдерін жетілдіру барысында құқықтық кеңес жүргізілді.












