«IQanat» олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «IQanat» олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті
20
март
2026

«IQanat» олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті

​20 наурыз күні  «IQanat» олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті. Бұл дода — ауыл мектептерінде оқитын дарынды 8-сынып оқушыларын анықтап, олардың болашағына жол ашатын бірегей жоба.
​Олимпиаданың мақсаты  тек білімді тексеріп қана қоймай, ауыл балаларының әлеуетін көтеруге бағытталған:​Оқушыларға ең үздік оқу орындарына түсуге көмектесу;
​Сыни ойлау мен академиялық дағдыларды дамыту;
​Мотивациялық қолдау көрсету.
​ Облыстық іріктеуге аудандық кезеңнен іріктелген жүздеген мектебіміздің 9 оқушысы қатысты. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:
​Математикалық сауаттылық;
​Оқу сауаттылығы;
​Логикалық ойлау;
​Ағылшын тілі.
​ ​Облыстық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық финалға (IQanat High School-ға іріктеу) жолдама алады. Финалистер Бурабайдағы IQanat мектебінде тегін білім алу немесе арнайы гранттар мен менторлық қолдау иелену мүмкіндігіне ие болады.