13
апрель
2026
«Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлттық кітап күніне орай рухани онкүндік бастау алды. № 4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты мазмұнды да мағыналы онкүндік іс-шаралар өз шымылдығын түрді. Бұл онкүндік – жас ұрпақтың жан дүниесін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған рухани мереке. 13 сәуір күні «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онкүндіктік іс-шараларымыз басталды. Түрлі-түсті балалар журналдары мен қызықты кітаптар көрмесі оқушыларды білім әлеміне жетелеп, кітапқа деген қызығушылықтарын оятты.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білімнің шамшырағы, рухани байлықтың сарқылмас қайнары. Олай болса, жас оқырман, кітаппен дос бол! Себебі әрбір ашылған кітап – жаңа әлемнің есігі.






Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білімнің шамшырағы, рухани байлықтың сарқылмас қайнары. Олай болса, жас оқырман, кітаппен дос бол! Себебі әрбір ашылған кітап – жаңа әлемнің есігі.





