«Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс» тақырыбында кездесу өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс» тақырыбында кездесу өткізілді.
24
декабрь
2021

«Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс» тақырыбында кездесу өткізілді.

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде  24 желтоқсан күні  1-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі АПБ ЖПҚБ бастығы Айдос Болатұлы және мектеп инспекторы А.Алишев , ата-аналар комитетінің төрайымы А.Абилкасымова қатысты. Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
      Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.