18
март
2022
«Наурыз- жаңа серпін,жаңа леп!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мектепте Наурыз мерекесіне орай 5-10 сыныптар арасында «Наурыз- жаңа серпін,жаңа леп!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа жыл келеді. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – берекелі мереке. Оқушылар мерекеге арнап дайындаған өлең шумақтары мен ән-билерін тарту еттіп, сонымен қатар ұлттық ойындар «Асық ату», «Бес асық» ойындары ойнатылды. Ұлттық асымыз Наурыз көже пісіріліп, дәм татылды.Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін.

















