25
ноябрь
2022
Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті.
Қараша айының 24-і күні мектепте Жамбыл облысы Дін істер басқармасының Меркі ауданы бойынша инспекторы Толғанбай Ғалымжан Бейбітұлымен кездесу өтті. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру.
Кездесу оқушылар мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Ғалымжан Бейбітұлы қазiргi Қазақстандағы мемлекеттік -конфессиялық қарым-қатынастар туралы әңгiмеледi.
Жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.