06
декабрь
2022
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 6 желтоқсан күні «Мейірім тамшылары» атты мерекелік кеш өткізілді.
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған мейірімділік елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ, бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. 3 Желтоқсан халықаралық мүгедектер күніне орай № 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 6 желтоқсан күні «Мейірім тамшылары» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеште ерекше білімді беруді қажет ететін 13 оқушы өз өнерлерімен, таланттарымен ерекшеленіп , көзге түсті. Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтай жалғайтын - деп балалар ән салып, би билеп, ойын ойнап, ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып кешімізді қызықтыра түсті. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға кешіміздің соңында мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Бүгінгі кеште балалардың жүзінен қуанышты көріп, балаларға мықты денсаулық, қажымас қайрат, таудай талап, армандарына қол жеткізулеріне шын жүректен тілектес болып, ата-аналарға, оқушыларға ризашылық білдіріп, алғыс айтылды.