"Бала тәрбиесіндегі ата-ана" атты тренинг сабағы
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
- «Танысу» жаттығуы;
- Топқа бөлу;
- Ой жинақтау;
- Ситуациялық сұрақтар;
- «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
- Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
- Рефлексия;
- Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
- «Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
- Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
- Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
- Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
- Кез – келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып, балаңызға бір сәт көңіл бөлесіз бе?
2. Балаңыздың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен арадағы қарым - қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың жасаған ісі ашу шақыртқан кезде өзіңізді игере аласыз ба?
6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәт Сізге мейірімді адам ретінде сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балалық шағыңыздан балаңызға өнегелі, қызықты әңгіме айта аласыз ба?
9. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін өзгелердің айтпауына ықпал жасайсыз ба?
10. Балаға берген уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Отбасындағы балалармен қарым – қатынас дұрыс жолға қойылған ба?
12. Балаларыңыздың достарын білесіз бе?
13. Сіздерді және балаларыңызды қызықтыратын ортақ істер бар ма?
14. Сабақтарын орындауын тексересіз бе?
15. Балаларыңызбен бірге серуенге, театрға шығасыз ба, оқыған кітаптар туралы пікірлесесіз бе?
Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.
- «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
- Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
- Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
- Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
- Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
6 Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға
«Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
7Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
8 Рефлексия:
9 Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
- Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
- Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
- Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.