25
май
2019
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераждық комиссия жұмысының қорытындылары
№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы және бракераждық комиссия мүшелері жыл бойы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді және тамақтандыру сапасын бақылауда ұстады.
Асхана санитарлық нормаға сай жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Стендтер жасалынып, толықтырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (47 оқушы) қамтылған. Оқу жылында жалпы 681 оқушының 667-і бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде, 47 оқушы әлеуметтік жағдайларына сәйкес тегін тамақпен қамтылса, қалған оқушылар ата-ана тарапынан ақылы ыстық тамаққа тартылды.
Оқу жылы бойында, білім алушылардың бір мезгіл тамақтануына ай сайын комиссия мүшелері тарапынан тексерулер жүргізіліп, қорытындылары мектептің сайтында жарияланды. Тоқсан сайын педагогикалық кеңестерде қаралды.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда жыл бойы барлық талаптар сақталынып, қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылды. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.