22
февраль
2023
«Алғыс айту-жақсылыққа дарыту»тақырыбында сергіту-тренинг жаттығулары жүргізілді.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларымен «Алғыс айту-жақсылыққа дарыту»тақырыбында сергіту-тренинг жаттығулары жүргізілді. Жаттығу барысында оқушыларда бір бірлеріне жақсылық жасауға, мейірімді болуға, үнемі алғыс айтып жүруге ұмтылу керектігі айтылды. Сен өзгерсең-әлеміңді өзгереді, сол себепті адам өзгерісті өзінен бастауы керек екендігі түсіндірілді. Жан дүниесі жақсылыққа толы адам қашанда жан-жағына жылы шуақ таратып жүреді. — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.







