27
февраль
2023
"Сұлтан Бейбарыс 800 жыл" тақырыбында тұлғатану сынып сағаты өтті.
- №4Тілеміс батыр ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Кариева Айнұр ақпан айының 27 күні 6"Б" сыныбында "Сұлтан Бейбарыс 800 жыл" тақырыбында тұлғатану сынып сағаты өтті.Мақсаты:оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірдерегімен таныстыру арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру. Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы бейнефильм көрсетіліп, оқушылар жан- жақты деректермен танысты. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығы оқушыларға үлгі етілді. Алған білімдерін «Серпілген» әдісі арқылы бекітті.