"Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында READx-жобасы «Мен оқыған бір кітап» (эстафета)
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
READx-жобасы «Мен оқыған бір кітап»
14.03.2023 жылы "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 15 минуттық үзілісте 8-сынып және 11 -сынып арасында READx-жобасы бойынша эстафета жалғасы ұйымдастырылды. 8 сынып білім алушылары әлем балалар әдебиетінің інжу маржандары жас өспірімдерге арналған шығармаларды оқып, келесі сыныпқа ұсынды.
«READx» жобасының мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу.
READx - озық оқырманды анықтау және тамаша шығарманы оқуға кеңес беруге арналған алаң.
READx – бұл оқырмандарды шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиған-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны: «Оқуға ұмтыл!».
- Кітаптың қысқаша мазмұны;
- Кітаптың қоғамға берер идеясы;
- Заманауи тәсілдермен салыстырмалы түрде мысалдар келтіру;
- Автор идеясының ұнаған/ұнамаған тұстары;
- Жарнамалық түрде аталған кітапты оқуға шақыру;






