«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ»
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ»
№4 Тілеміс батыр ЖОББМ кітапханасында 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай Елбасымыздың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, көрме өтті. Ғарышқа ұшуды қиял жетегіне берілген кез келген жан армандағанмен, оған үміткердің жеке психологиялық және физикалық дайындығымен қоса, мақсатты бағдарламасы болуы шарт. Әрине, саяхатшы ретінде ғарышқа ұшу қазіргі кезде ешкімге таңсық емес, ал қоғамға, адамзат баласына пайдалы іс тындырып қайту үшін де үлкен ғылыми ізденіс пен ыждағаттылық қажет. Біздің елден ғарышқа ұшқан үш азаматымыз да бұл жағынан қазақ халқын жерге қаратқан жоқ, қайта ғылыми еңбектері арқылы еліміздің мерейін үстем етіп, күллі адамзат баласына пайдалы іс тындырып қайтты. Алдымен Тоқтар Әубәкіровке тоқталайық. Тұңғыш ғарышкеріміз «СоюзТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үдерісі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Осылайша, Оңғарбайдың ұлы жай саяхатшы емес, қазақтан шыққан тұңғыш әрі зерттеуші ғарышкер екенін күллі әлем алдында дәлелдеді. Ол ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды.Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаевқа ғарышқа үш рет ұшу бақыты бұйырыпты. Ол 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесімен ғарышта 126 күн болды. Ал екінші рет «Союз ТМ-27» кемесімен ұшқанда ғарышта 208 күн болып, ерекше ерлік көрсетті. Қазақ ғарышкері корабль бортынан ашық ғарыш кеңістігіне бес рет шығып, 30 сағат 8 минут аспан аясында
қалықтады. Осындай көрсеткішімен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Т.Мұсабаев 2001 жылы тағы бір мәрте ғарышқа ұшты. Бұл жолы «Союз ТМ-32» кемесімен 8 күн ғарышта болды. Талғат Амангелдіұлының жалпы ғарышта болған уақыты 341 күн 9 сағат 48 минут және тамақ өнеркәсібі салаларындағы зерттеулерінде кәдеге жарайтын болады. Ғарыштағы сапарын сәтті қорытындылаған Айдын Айымбетов он күннен соң жерге оралды. Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, солардың қатарында ғарышқа өз перзентін ұшырған елдер саусақпен санарлықтай ғана. Әлемде өз ұлтынан үш немесе одан да көп азаматы ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екен. Міне, солардың қатарында біздің де еліміз бар.




