19
январь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Білімге құмарлық-кітаптан» атты кітап оқу сайысы
- Меркі аудандық білім бөлімінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 18-19 қаңтар күндері аудандық білім беру ұйымдарының 8-10 сынып білім алушылары арасында өткізілген «Білімге құмарлық-кітаптан» атты кітап оқу сайысы өз мәресіне жетті.Байқауда сайысқа қатысушы 30 оқушы Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясы бойынша кітап оқу додасына түсті.
- Байқау үш кезеңді қамтыды:
1-кезең ұсынылған шығармалар бойынша эссе жазу (2сағ);
2-кезең 3 сұрақтан құралған билет тапсырмаларына жауап беру(қосымша сұрақтар);
3-кезең 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары .
Нәтижесінде екі кезең бойынша жақсы көрсеткіш көрсетіп, ұлы тұлғалардың кітаптарын оқып, 3-і дәрежелі Дипломмен мектебіміздің 9-сынып оқушысы Серікбай Зарина марапатталды.Жас ұрпаққа ұлы тұлғалардың шығармашылық мұрасын насихаттауға үлес қосқаны үшін жетекшісі кітапханашы Тулекова Айжанға алғыс хат ұсынылды.



