"Оқуға құштар мектеп жобасы " аясында 15 минуттық үзілісте Абай Құнанбаевтың қара сөздері
№ 4Тілеміс батыр ЖОББ мектебінде 07.02.2023 жылы "Оқуға құштар мектеп жобасы " аясында 15 минуттық үзілісте Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа айтып мазмұнын ашып беру.
Мақсаты:Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.