Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу
17
январь
2020

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу

Тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді.
Тексеру барысында сол күнгі дайындалып жатқан тағамның мәзірі асхана бұрышында ілінбегендігі, медбике тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгендігі, аспазшы ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырғандығы анықталды. Сынамаларды қақпағы бар таза  шыны ыдысқа алып, +3°С температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтаған. Тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың   8-ші тарауы 127 тармағына сәйкес аспазшылар шаштарын қалпақтың астына жинап, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды шешіп талапқа сай үлгіде жұмыс жасап жатқандығы анықталды. Тырнақтарын қысқа етіп қиған және оларды лакпен боямаған. 
         Білім алушыларға ас мәзіріне сәйкес барлық тағамдар берілді және берілген тағамдардың грамы мәзірде көрсетілген нормаға сәйкес.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы  қанағаттанарлық екендігі анықталды.