02
январь
2026
Қысқы демалыста "Қызықты тапсырмаларды орындаймыз" байқауы жалғасын табуда.
❄️Ағымдағы жылдың қысқы каникул кезінде № 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің 3 “Б” сынып оқушылары «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбындағы іс-шараға ат салысты.Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегінің мазмұнын түсініп, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Бұл жұмыс арқылы оқушылар оқыған ертегісінің негізгі кейіпкерлерін, тәрбиелік мәнін айтып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ойлау дағдылары қалыптасады.





