04
апрель
2023
«Жауғаш батыр-Абылайханның елшісі» кітабын сыйға тартты.
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығына орай «Жауғаш батыр Қырбасұлы» Қоғамдық қорынан,батыр бабамыздың тарихи батырлық ерліктерін таныстыру мақсатында қонақтар келіп,оқушылармен кездесу өткізді.Жауғаш батырдың ерліктерін тарихи деректер негізінде таныстырып,өскелең ұрпаққа бабалар рухында тәрбиелеп,отаншылдық қасиеттерін жігерлендіруді мақсат еткен кездесу тың ақпараттарға толы болды.Сонымен қатар Меркі аудандық Қамқоршылық кеңесінің төрағасы,Меркі ақиқат газетінің бас редакторы Серік Құралбайұлы,мектебіміздің белсенді оқушысы Республикалық Ақберен «Жас ақындар» байқауының жеңімпазы ІІІ дәрежелі диплом иегері Нұртай Нұрымға «Жібек жолы» кітабын тарту етті.Сонымен қатар,«Жауғаш батыр Қырбасұлы» Қоғамдық қорынан келген қонақтар мектеп кітапханасына Бақытяр Әбілдаұлының «Жауғаш батыр-Абылайханның елшісі» кітабын сыйға тартты.















