26
апрель
2023
«Қазақстан-достық мекені» тақырыбында фестиваль өтті .
Мектепте 5 сынып білім алушыларының арасында ынтымақтастыққа,достыққа,өз Отанын сүюге,қорғауға,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан-достық мекені» тақырыбында фестиваль өтті . 5 «А»-сыныбы: орыс ұлты,5 «Ә»-сыныбы: қырғыз ұлты,5 «Б»-сыныбы: түрік ұлты,5 «В»-сыныбы: өзбек ұлты,5 «Г»-сыныбы: қазақ ұлты болды.Фестивальге қатысқан сыныптар таныстыру,өнер,ұлттық тағамы,салт дәстүр бөлімдері бойынша сайысқа түсіп,өнерлерін көрсетті.Фестиваль қорытындысы бойынша І орын 5 «Г» сыныбы Қазақ ұлты және 5 «В» сыныбы Өзбек ұлты, ІІ орын 5 «А» сыныбы Орыс ұлты және 5 «Ә» сыныбы Қырғыз ұлты, ІІІ орын 5 «Б» сыныбы Түрік ұлты иеленді.











