«Мектеп Парламенті» ұйымы құрылып, «Мектеп Президенті» сайлауы өткізілді » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп Парламенті» ұйымы құрылып, «Мектеп Президенті» сайлауы өткізілді
29
сентябрь
2023

«Мектеп Парламенті» ұйымы құрылып, «Мектеп Президенті» сайлауы өткізілді

Мектеп оқушыларының әлеуметтік және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өздерінің мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға тәрбиелеу мақсатында жас  ұрпаққа тәрбие беруге жағдай жасау, биік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік тудыру, тәрбие жүйесінің жаңа моделін дамыту барысында мектепішілік белсенді оқушылардан «Мектеп Парламенті» ұйымы құрылып, «Мектеп Президенті» сайлауы өткізілді.Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауына 9-10 сынып  оқушылары  өтініш білдіріп, оның ішінде 5 үміткер іріктелді. Президентікке үміткерлер сайлау алды үгіт насихаттарын әлеуметтік желілерде жариялап, мектеп оқушыларымен ашық кездесуде өз бағдарламаларымен ой бөлісті. 7-11 сынып оқушылары бюлетень арқылы дауыс беріп өз таңдауларын жасады.Сайлау нәтижесінде,басым дауысқа ие болған 10 сынып оқушысы Елюбай Анелья «Мектеп Президенті» болып сайланды.