04
ноябрь
2022
«Мен үшін мектеп парламенті-ол...»
Мектепте мектеп тәлімгері Асубайқызы Назираның ұйымдастыруымен мектеп парламенті Өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен «Мен үшін мектеп парламенті-ол...» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді.Сабақта оқушылар "Мен үшін мектеп парламенті- ол... " сұрағына өз пікірлерін білдірді.Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті азаматты тәрбиелеу. Мектеп парламенті ұйымы жұмысымен толық таныстырылды, оқушылар сабаққа белсене қатысты.








