03
май
2022
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында " Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай" мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өткізілді.
2022 жылдың 2 мамыры күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында " Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай" мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты: Егеменді еліміздің белсенді жастарының ойларын бір арнаға тоғыстыру,жастардың қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі орнын қалыптастыру; азаматтық жауапкершілігі зор,интеллектісі жоғары,рухани жан дүниесі бай; эстетикалық жағынан дамыған және әлеуметтік ұтқыр тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Турнирге облыс бойынша 74 команда қатысты. Біздің метебімізден 10а сынып оқушыларынан құралған " Тәуелсіз" фракциясы қатысты. Спикерлер Берікқазы Досымжан және Шөлек Әсел болды. Біздің спикерлер іріктеу кезеңінен өтіп, жартылай финалға да белсене қатысьп, жақсы нәтиже көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған "TALAP CUP V” облыстық мектеп оқушылары арасында өткен пікірсайыс турнирінде Альфа лигасы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп " Үздік талпыныс" номинациясымен мектебіміздің "Тәуелсіз" фракциясының спикерлері 10а сынып оқушылары Берікқазы Досымжан мен Шөлек Әсел марапатталды.





