" Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында айлық » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында айлық
08
февраль
2022

" Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында айлық

Мектебімізде өткізіліп жатқан " Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында айлық аясында " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З.Тұяқованың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 ақпан күні дебат турнирі болып өтті. Дебатқа 7-8 сынып оқушыларынан құралған екі фракция қатысты. Дебаттың тақырыбы: " Жемқорлықты жою мүмкін бе?" Мақсаты:" Жемқорлық туралы ұғым қалыптастыру,пайда болу жағдайы жайлы түсінік беру.Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. 8а сынып оқушыларынан құралған "Жалын" фракциясының спикерлері: Жексен Аяжан, Асубай Рамазан оппозиция позициясын, 7ә сынып оқушяларынан құралған" Эврика" фракциясы үкімет позициясын ұстанды. Спикерлер: Балық Алихан, Оразымбек Кәусар.Дебат Ойын барысында үкімет фракциясы жемқорлықпен күрес әлемдік мәселе екенін атап өтті. Елімізде жемқорлыққа қарсы күрес жолында жасалып жатқан мемлекеттік іс -шаралар туралы, міндеттер мен мақсаттар туралы айтып, дәлелдемелер келтірді. " Жалын" фракциясы оппозиция позициясын ұстанып, жемқорлықпен күресу мүмкін емес деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Нақты дәлелдер мен аргументтер пайдалану арқылы " Жалын" фракциясы алға шықты. Спикерлер бір - бірін толықтырып, қарсы топқа өз ұстанымдарын дәлелдеп шықты. Төрешілер аудандық дебат байқауының жүлдегерлері 10 -сынып оқушылары Берікқазы Досымжан мен Шөлек Әсел болды. Қорытынды жасаған төрешілер әлі жеиМектебімізде  бастама алған дебат қозғалысына оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақырамыз.