" Бүгіннің баласы- болашақтың данасы" тақырыбында дебат өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Бүгіннің баласы- болашақтың данасы" тақырыбында дебат өткізілді.
26
ноябрь
2021

" Бүгіннің баласы- болашақтың данасы" тақырыбында дебат өткізілді.

4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде  25 қараша күні "Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З.Тұяқованың ұйымдастыруымен " Бүгіннің баласы- болашақтың данасы" тақырыбында дебат өткізілді. Ойынға екі фракция қатысты. Дебаттың мақсаты: еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екенін дәлелдеу. Жастар алдыңғы буын ағаларының жолын жалғастыратын, сенімді ізбасар екеніне сендіру. Дебатқа екі топ қатысты. Олар 10- сынып оқушыларынан құралған. 1- топ " ХХ| ғасыр ойшылдары" 
1- спикер Еренсіз Диана
2- спикер Маметжан Нұргелді
3- спикер Халық Рамазан
2- топ " Жарқын болашақ" 
1- спикер Ниязбек Сымбат
2-спикер Сұлтан Нұрлыхан
3- спикер Алтынбек Мұстахим болды. Үкімет фракциясы болған 1- топ спикерлері қазіргі жастардан еліміз үлкен үміт күте алатынын айтты. Өйткені қазіргі жастар білімге,өнерге құштар, ізденімпаздығы, талпынысы өте жоғары. Ауылымызды өркендетуге зор үлес қосып, қайырымдылықпен айналысып жүрген жас кәсіпкерлерді дәлел ретінде айтты. Оппазиция фракциясы болған 2- топ еліміздегі жастардың көпшілігі жұмыссыз екенін айта келіп, қылмыс жасаған, зиянды заттармен әуестенген жастарымыздың пайыздық көрсеткіші туралы дәлелдер келтірді. Дебат өте қызықты өтті. Төреші болған 10-  сынып оқушылары Берікқазы Досымжан,Серік Ринат,Жұмақұл Арсен ойын қорытындысын шығарып, жіберілген қателер туралы айтты, ойыншыларға ескерту жасады. Дебат қорытындысы бойынша  үкімет фракциясы жеңіске жетті.