"Ғаламтор: пайдасы мен зияны" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ғаламтор: пайдасы мен зияны" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
22
октябрь
2021

"Ғаламтор: пайдасы мен зияны" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.

4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 21 қазан күні "Ғаламтор: пайдасы мен зияны" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.Ойынды  " Зияткер" дебат клубының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұяқова Зинеш ұйымдастырды. Дебаттың  мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек- ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау,пікірталасқа қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ғаламтор туралы толық ойын қалыптастыру, танымдық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қарар бойынша екі фракция ойынға қатысты. " Тәуелсіздік тарландары" тобының спикерлері Тұрғынбек Нұрайым, Тұрғанбек Аружан,Серікбай Ринат 
"Жарқын болашақ" тобының спикерлері Берікқазы Досымжан, Елубаева Дана,Шөлек Әсел. Дебатқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумалиева Ләйлә және диретордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Құлданова Перизат төрешілік етті. Үкімет фракциясы болған"Тәуелсіздік тарландары" тобының спикерлері ғаламтор желісінің қажеттілігі туралы нақты дәлелдер арқылы сөйлеп, " Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет"позициясын ұстанды. Оппозиция фракциясы болған " Жарқын болашақ" тобының спикерлері ғаламтор желісіне тәуелділіктің көбейіп жатқанын дәлелдеді. Ғаламтор желісін қажеттілігіне қарай пайдалану мәдениетін үйрену қажеттілігін айтты.
Төрешілер топтардың ойындарына әділ төреліктерін жасап, дәлелдермен  нақты сөйлеген спикерлерді  ерекше атап өтті. Алдағы ойындарға сәттілік тілеп, жіберілген кемшіліктер туралы да айтты.  Дебат қорытындысы бойынша " Тәуелсіздік тарландары" тобы 1 орынды, "Жарқын болашақ" тобы 2 орынды иеленді