Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс- шаралар өткізілуде. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс- шаралар өткізілуде.
13
декабрь
2021

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс- шаралар өткізілуде.

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс- шаралар өткізілуде. 2021 жылдың 9 желтоқсан күні " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі   З.Тұяқованың және мектеп тәлімгері Н.Асубаеваның ұйымдастыруымен 10 а сынып оқушылары мен " Жас өркен" өзін-өзі басқару ұйымының арасында дебат ойыны өткізілді.Дебаттың қарары      " Қазақстанның қазіргі жағдайына халықтың көңілі тола ма?" тақырыбында болды. Дебатқа қатысқан үкімет фракциясы 10а сынып оқушылары, оппозиция фракциясы " Жас өркен" өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері болды.Дебаттың мақсаты: Қазақстан халқының қазіргі жағдайы туралы мәлімет алу.Белгілі бір фактілерді зерттеуге,болжауға, жүйелеп сөйлеуге,өз көзқарасын ашық та жүйелі дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. Үкімет фракциясының спикерлері
1- спикер Тұрғынбек Нұрай
2- спикер Тұрғанбек Аружан
3- спикер Серікбай Ринат
Оппозиция фракциясының спикерлері 
1- спикер Мырзахашым Диас
2- спикер Аманбек Мөлдір
3-спикер Нұртан Тоғжан болды. Ойын барысында үкімет фракциясының спикер еліміздің тәуелсіздік алған 30 жылында жеткен жетістіктері туралы, халықтың қазіргі жағдайының қалыпты екенін, демографиялық жағдайымыздың жақсарғаны туралы, білім жүйесінің жаңартылғаны туралы, халық қазіргі өмірге көңілі толатынын дәлелдеп, нақты дәлелдер мен аргументтер келтіріп өз кейстерін ашуға тырысты. Оппозиция фракциясы қарсы пікір айтып, қазіргі жағдайға халықтың көңілі толмайтынын, әлеуметтік жағдайдың төмендігін, ана мен бала жағдайының қорғау жағдайын күшейту қажеттілігі туралы айтып, дәлелдер мен фактілер келтірді. Ойын қорытындысын шығарған төрешілер 10- сынып оқушылары Шөлек Әсел,Халық Рамазан және мектеп тәлімгері Асубаева Назира өз пікірлерін айтып өтті. Үздік спикерлер ретінде үкімет фракциясынан Тұрғынбек Нұрай, оппозиция фракциясынан Нұртан Тоғжан аталып өтті. Дебат қорытындысы бойынша үкімет фракциясы 10 а сынып спикерлері 1 орын, оппозиция фракциясының спикерлері "Жас өркен" өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 2- орын иеленді